Перейти к содержимому
7 күн тегін · картасыз

Салон, студия және клиникаға арналған CRM

Онлайн-жазба, шеберлер кестесі, WhatsApp-та еске салу, Kaspi QR кассасы және жалақы — бір жүйеде. Браузерде және iPhone қосымшасында жұмыс істейді.

  • Базаны тегін көшіру
  • WhatsApp және Telegram
  • Kaspi QR төлемдері
  • iPhone қосымшасы

Бәрі бір терезеде

Клиент жазды — кестеде жазба — еске салу — кассада төлем — шеберге пайыз. Бес түрлі бағдарлама мен кестенің орнына.

Жазба және кесте

Шеберлер мен кабинеттер бойынша кесте, жазбаның түсі — оның мәртебесі. Клиент өзі онлайн-жазба бетінде жазылады.

WhatsApp-та еске салу

Жазылғанда, 24 сағат және 2 сағат бұрын Kanri клиентке өзі жазады. Клиент бір батырмамен растайды — қоңыраусыз.

Клиенттер базасы

Сапарлар, төлемдер, шебер және клиент қайдан келгені — бір карточкада.

Касса және Kaspi QR

Kaspi QR, қолма-қол ақша және карта — күндік кассада. Төлем сапарға байланады.

Шеберлердің жалақысы

Қызметтен пайыз немесе тұрақты мөлшерлеме — айлық есеп өзі шығады.

Медициналық карта

МКБ-10 бойынша диагноз, аллергиялар, қабылдау тарихы; стоматологияға — тіс формуласы мен емдеу жоспары.

Филиалға айына 20 000 ₸ немесе жылына 120 000 ₸

Жылдық төлем — айына 10 000 ₸. Қызметкерлер саны бағаға әсер етпейді, барлық бөлімдер кіреді. 7 күн тегін, картасыз. Жалғыз жұмыс істейтін шеберге «Мастер» тарифі тегін.

Қазақстан үшін

Kaspi QR, теңге, жергілікті уақыт белдеуі — бірден бапталған.

Бір күнде көшу

Клиенттер мен қызметтерді кез келген бағдарламадан немесе Excel кестесінен тегін көшіреміз.

Бағасы — филиалға

Әр қызметкер үшін төлемейсіз: бір шебер болсын, жиырма болсын — баға өзгермейді.

«Мастер» тарифі · тегін

Жалғыз жұмыс істейсіз бе? Шеберлер мен жаттықтырушыларға тегін қосымша

Клиенттер сіздің сілтемеңіз арқылы өздері жазылады, кесте — iPhone-да. Мерзімсіз және картасыз.

  • Өз жазылу бетіңіз
  • Кесте мен клиенттер телефонда
  • Әр жаңа жазба туралы хабарлама
Толығырақ
Шеберге арналған Kanri қосымшасы: күн кестесі және сайттан жаңа жазба туралы хабарлама

Жиі қойылатын сұрақтар

Kanri қазақ тілінде ме?

Сайт қазақ және орыс тілдерінде. Кабинетте мәзірді қазақшаға ауыстыруға болады, ал кабинет экрандары әзірге орыс тілінде.

Басқа бағдарламадан қалай көшемін?

Тегін көшіріп береміз: клиенттер мен қызметтерді кез келген бағдарламадан немесе Excel кестесінен. Ескі бағдарламаны көз жеткенше өшірмей-ақ қоюға болады.

Kaspi QR бірден жұмыс істей ме?

Иә. Клиент сіздің Kaspi QR-ыңыз арқылы төлейді, әкімші төлемді бір батырмамен белгілейді — сома сапарға байланып, күндік кассаға және табысқа түседі. Бөлек келісімшарт керек емес.

Бағасы қанша?

Филиалға айына 20 000 ₸ немесе жылына 120 000 ₸. Қызметкерлер саны бағаға әсер етпейді. Жалғыз шеберге «Мастер» тарифі тегін.

Сынақ мерзімі қандай?

Алғашқы 7 күн тегін, карта қажет емес. Ақша автоматты түрде алынбайды — жалғастыруды өзіңіз шешесіз.